Түрмелерде ұялы байланысқа бақылау күшейтілмек

АСТАНА. KAZINFORM – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2018 жылғы абоненттік ұялы байланыс құрылғысын тіркеу қағидаларына қатысты бұйрыққа түзетулер енгізді.

Қазақстанда түрмедегі тұтқындар саны 7 мыңға артты
Фото: Pexels

Құжат жазасын өтеп жатқан азаматтардың ұялы телефонды пайдалануын бақылауға бағытталған.

- Жобаның негізгі ережелері сотталғандардың байланыс құралдарын заңсыз пайдалануына жол бермеу үшін қосымша бақылау шарасын, шектеу мен жауапкершілікті белгілеуге бағытталған, - деп түсіндірілген.

Құжатты әзірлеушілер жаңа норма түрмеде қылмыс жасау тәуекелін төмендетуге, тыйым салынған заттардың таралу арналарына тосқауыл қоюға және қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруы тиіс деген ұйғарымға келіп отыр.

Құжат жобасы 2025 жылғы 11 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауына шығарылды.

Бұған дейін түрмеден шыққандарға қандай көмек көрсетілетіні туралы жазған едік. 

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі сотталғандарды жазадан босатуға негіз болатын аурулар тізімін жаңартты. 

Соңғы жаңалықтар