Түрмелерде жаңа жұмыс орындарын ашу үшін жеке бизнесті тарту қажет - Ж.Кешубаев
«Біздің келесі - жаңа жұмыс орындарын ашу үшін колонияларға жеке бизнесті тарту. Егер жайлы жағдай жасар болсақ, онда бизнес инфрақұрылымға қаржы құйып, жаңа нысандар салады, заманауи құрал-жабдықтар орнататын болады», - деді ол.
Оның айтуынша, түрмедегі жұмыс сотталушыларды дұрыс жолға қоюдың бір жолы. Сондықтан да бұл іске сотталушылар тарабынан зор қызығушылық болады.
«Осы мақсатта Сотталушыларға арналған 100 іс» атты кітап әзірленді. Онда әрбір іске 2,3 бет арналып, бизнес жүргізудің қыр-сыры, өзекті мәселелері мен құпиялары жан-жақты жазылған», - деді Ж.Кешубаев.
Сонымен қатар қандай да бір іспен айналысқысы келген сотталушыларға арналған арнайы ақпараттық база әзірленбек. Онда 1000 бизнес идея тізімі, бұрынғы сотталғандардың табысқа жету тарихы, мемлекеттік қолдау тетіктері сынды бөлімдер бар.