Түрмелерге бейнебақылау енгізуді бастаймыз – министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түрмелерге бейне бақылау енгізу басталады. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түрмелерге бейнебақылау енгізуді бастаймыз – министр

«Түрмелер мен ғимараттарға бейне бақылау енгізуді бастаймыз. Қазір біз олардың санын және техникалық жағдайын есептеуге кірістік», - деді министр Үкімет отырысында.

Бұдан бөлек Е. Тұрғымбаев сыбайлас жемқорлық бойынша Ішкі істер министрлігі қабылдап жатқан шаралар туралы айтты. Агенттік және азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп, үшжақты жоспар жасалды. Жалпы, соңғы 3 жылда сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны 33 пайызға қысқарды.

«Министрлік Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын орындау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды», - деді министр.