Тұруға ықтиярхат ала алмаған алжирлік Руандағы синагоганы өртеп жібермек болды

АСТАНА. KAZINFORM — Полицейлер Руандағы синагоганы өртеуге әрекеттенген қарулы адамды атып өлтірді. Оның жеке басы анықталып, 29 жастағы алжирлік екені нақтыланды, деп жазады Еuronews.

Полиция
Фото: Euronews

Францияның құқық қорғау органдары Руандағы синагогаға от жағуға әрекеттенген адамның кім екенін анықтады. Шабуылдаушыны полиция қызметкері өлімші етіп жаралады.

Руан прокурорының айтуынша, антисемиттік әрекетті екі жыл бұрын тұруға ықтиярхат ала алмаған 29 жастағы алжирлік азамат жасаған. Ол апелляциялық шағым түсіргенімен, өтініші қанағаттандырылмаған. Ер адам үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бері іздеуде болған.

Елдің ішкі істер министрі Жеральд Дарманен X әлеуметтік желісінде полицияға шұғыл әрекет еткені үшін алғыс білдірді.

Француз ақпарат құралдарының полиция дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, тәртіп сақшылары «синагога маңындағы түтінге елең етіп, бірден жеткен».