Тұтқын болған отандастарының Қазақстандағы тағдырын Жапония депутаттары Назарбаевтан естіді

ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония Парламентінде сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде тұтқында болған жапондықтың тағдыры жайында сөз етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Токиодан.
None
None

«Жер аударылып келген кеңестік Қазақстанның қатал жағдайымен бетпе-бет келген жапондық әскери тұтқындардың шыдамдылығы туралы естеліктер әлі жадымызда. Мен сіздерге есте қалған бір оқиғаны айтып бергім келеді. Хоккайдоның 15 жастағы тұрғыны Ахико Тецуро әскери тұтқындармен бірге бұрынғы КСРО-ға тап болып, онда халық жауы ретінде 10 жылға сотталған. Дегенмен, сол жасөспірімнің ешқандай кінәсі жоқ болатын», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, ол Қазақстан жерінде  50 мың жапондық әскери тұтқындармен бірге 10 жыл жазасын өтеген, 24 жасында түрмеден шыққан Ахико қазақ жерінде шаңырақ көтеріп, 2 баланың әкесі атанып, Қазақстанның азаматы болған.

«Сталиндік лагерьлердің сұмдықтарына қарамастан ол Қазақстанды өзінің отаны санады. 50 жыл өтті. Ол тарихи отанына қайта орала алды. Өзінің туған-туыстарымен табысты. Олардың уәждеріне қарамастан өзінің отаны санайтын Қазақстанға қайта оралды. Қазір ол 86 жаста. Ахико қазір еліміздің  Қарағанды облысының құрметті азаматы. Әйелі Еленамен бірге 4 баланы тәрбиелеп отыр. Бұл біздің елдеріміз арасында жанды байланыс. Қазақтардың қайырымдылығы оның өмірін сақтап қалды және ол Қазақстанды жақсы көреді», - деді Елбасы. 

Соңғы жаңалықтар