Тұтынушылар құқын қорғауға арналған жоба бойынша келісім комиссиясының құрамына сенаторлар сайланды

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы бойынша қос палата арасында келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясын құру туралы мәселе талқыланып, комиссия құрамына сенаторлар сайланды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі күні қолданыстағы тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін заңнамалық акті 1991 жылғы қаңтардың 5-інде қабылданған «Тұтынушылардың праволарын қорғау туралы» Қазақ КСР заңы болып табылады. Осыған байланысты аталған заң жобасы жаңа редакцияда жасалып отыр. Құжаттың мақсаты осы саладағы заңнаманы ел экономикасының қазіргі талаптарына және қолданыстағы басқа да заңнамаларға сәйкес келтіру болып табылады. Сонымен бірге, тұтынушылардың қорғау жүйесінің нақты тетігі бүгінгі күнге дейін қалыптаспағандықтан, олардың құқықтарын қорғау проблемасы өзекті мәселе болып табылады.

Парламент Сенаты Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына бірқатар түзетулер енгізген болатын. Атап айтқанда, жоғары палата депутаттары «тұтынушы» ұғымын нақтылап, тұтынушылардың құқығын көздейтін нормаларды толықтыра түскен. Жалпы сенаторлар құжатқа қатысты 40 түзетуді ұсынған. Мәжіліс депутаттары бұлардың басым бөлігімен келіспейтіндіктерін білдіргендіктен, келісім комиссиясы құрылып отыр. Оның құрамына Сенат тарапынан депутат Михаил Бортник, Сәрсенбай Еңсегенов және Нұрлығайым Жолдасбаевалар сайланды.

Соңғы жаңалықтар