Тұтынушыларды алдағаны үшін General Motors концерніне аса көлемді айыппұл салынуы мүмкін

2014 жылдан бастап АҚШ-тың Әділет министрлігінің тергеушілері 2009 жылы компания банкрот деп танылу кезінде жоғарыдағы жайтқа байланысты заңға қарсы әрекет жасағанын не жасамағанын тексерді. Нәтижесінде олар General Motors кем дегенде 104 адамның өліміне себеп болған көліктегі ақаулық туралы хабарламағанын анықтаған.
Бұл ақаулықтар салдарынан жүріп бара жатқан кезде қозғалтқыш істен шығып, ал ол тоқтау жүйесінде ақаулық тудырып, қауіпсіздік жүйесін сөндірген. Осыған байланысты қайғылы аяқталған жол-көлік апаттары 1990 жылдары орын алған. Алайда концерн ақаулығы бар көліктерін 2014 жылдың ақпанында ғана қайтара бастаған. Жалпы концерн әлем бойынша 30 млн автомобилін кері қайтарды. 2015 жылы корпорация 92 мың көлікті қайтарды. GM оталдыру жүйесіндегі олқылықтың көліктің өздігінен тоқтауына әкелетінін және бұл кезде қауіпсіздік жастықшалары жұмыс істесмейтінін ескертті. Концерн көліктің оталдыру жүйесіндегі ақаулық салдарынан қаза тапқандардың жанұяларына $1 млн төледі. Концерн рекордтық көлемде айыппұл төлеуі мүмкін. Осы жазда шешім қабылданады деп күтілуде. Айыппұл сомасы аталмады, алайда оның көлемі $1,2 млрд-тан асуы мүмкін. Қазіргі уақытта 2014 жылы жұмыстан шығарылған General Motors-тың бұрынғы қызметкерлері тергеліп жатыр.