Тұтынушылардың коммуналдық қызметтерге қарызы 7,5 млрд. теңгені құрайды

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ағымдағы жылдың 27 желтоқсандағы жағдай бойынша тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық қарыздары 7,5 млрд. теңгені құрады.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Құрылыс ісі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық агенттігі төрағасының орынбасары Жандос Әкімжанов мәлім етті.

Оның алға тартқан деректеріне сәйкес, жылу беру маусымы басталған 19 қазандағы жағдай бойынша тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық қарыздары 8,1 млрд. теңгені құраған. Дегенмен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қарыз 600 млн. теңгеге қысқарған.

«Жылу беру кезеңін нормативті жүргізудің маңызды құрамы коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді жинауды қамтамасыз ету болып табылатындығын атап өткен орынды. Әкімдіктер аталған бағытта жұмыстар жүргізуде. Дегенмен ол дебиторлық қарыздардың айтарлықтай төмендеуіне жол ашып отырған жоқ. Бұл өз кезегінде жылу беру маусымы барысына әсер етеді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар