Түйеқұс өсірген кәсіпкер енді қодасты қолға алмақ - ОҚО

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Тропикалық аймақта өсетін түйеқұстар тау бөктерінде орналасқан Түлкібас ауданында өсіріле бастады. Африка құрлығынан өрбитін түйеқұсты ауданға «Нұрлыхан» шаруашылығы алып келді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Кәсіпкер өнімі жақсы сұранысқа ие түйеқұстың бес жұбын Алматы қаласындағы шаруашылықтан сатып алған. Қалдықсыз өнім шығаратын бұл түйеқұстардың бойы 2-3 метр келеді. Ал, аталығының еті 100-150 келіге дейін жетсе, оның терісінің беріктігі піл мен қолтырауынның терілеріне пара-пар келеді. Оны аяқкиімдерді қаптауға, басқа да сәндік бұйымдарды жасауға пайдаланады. Сондай-ақ, сағатына 60-70 шақырымды жүгіріп өтетін түйеқұс құс атаулының ішіндегі ең жылдамы. Еті ем ретінде пайдалы, әсіресе, қан қысымы және қант диабетімен ауыратындар үшін мың да бір ем. Сондықтан, түйеқұсқа қызығушылық уақыт өткен сайын артуда деген кәсіпкер алдағы уақытта түйеқұстар әкеліп шаруашылықты кеңейтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, «Нұрлыхан» шаруашылығы алма бауы мен балық шаруашылығын дамытса, алдағы күні сиыр тұқымдас қодас жануарын бағуды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар