Түйнеме диагнозы расталған екі шығысқазақстандық науқастың жағдайы қанағаттанарлық

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Түйнеме диагнозы расталған Жарма ауданы Қалбатау ауылының екі тұрғынының жағдайы қанағаттанарлық. Науқастар тиісті медициналық емдік шараларын уақытында қабылдап жатыр. Бірнеше күннен кейін олар емдеу мекемесінен шығарылады. Олар шамамен 15 күндей дәрігерлердің қарауында болмақ.
None
None

Сонымен қатар ауру жұқтырған науқастармен байланыста болған 29 адам да медициналық бақылауда. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне облыстық денсаулық сақтау басқармасы емдеу бөлімінің басшысы Әлия Бегәлиева хабарлады.

«Оқиға орнында эпидемияға қарсы барлық шаралар уақытында жүзеге асырылды. «Жұқтыратын материалдар» да дер кезінде жойылды.  
Бұрын хабарланғандай, бірнеше күн бұрын Жарма аудандық ауруханасына түйнемеге шалдықты деген күдікпен екі адам жатқызылды.  Екеуі де ауруға шалдыққан малдың етін жеген.  

Соңғы жаңалықтар