Туысқан Қазақстан халқымен достық екі елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторы - А.Лукашенко

СТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Туысқан Қазақстан халқымен достық екі елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторы. Бұл туралы бүгін Беларус және Ресей әскери оқу орындарының түлектерін қабылдау кезінде Мемлекет басшысы Александр Лукашенко мәлім етті, деп хабарлады БЕЛТА агенттігі.
None
None

Беларус Республикасы Әскери академиясының түлектерінің ішінде Қазақстан Қарулы Күштерінің алғашқы 15 офицері бар. «Бұл - біздің елдеріміздің әскери саладағы өзара іс-қимылымыздың және екіжақты ынтымақтастықтың тиімділігінің нәтижесін көрсетеді. Беларус өз әскери күштері үшін басшы кадрлар даярлайтын орын ретінде бекер таңдалып отырған жоқ. Біздің жерімізде бейбітшілік пен тұрақтылық сенімді қамтамасыз етіліп отырғанын көрмеу мүмкін емес», - деп атап өтті Беларус көшбасшысы.

Қазақстан Қарулы күштерінің офицерлеріне - Беларус Әскери академиясының түлектеріне қаратып айтқан сөзінде Александр Лукашенко былай деді: «Сіздер Отаныңызға аттана отырып, беларус халқының жүрек жылуын бірге алып бара жатырсыздар. Беларуста сіздерге қашан да құшағымыз ашық екенін біле жүріңіздер, ал туысқан Қазақстан халқымен достық әрқашан да біздің елдеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторы болмақ».

Соңғы жаңалықтар