Туысқанын мылтық дүмімен ұрған алматылық ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Туысқанын мылтық дүмімен ұрған алматылық ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Туысқанын мылтық дүмімен ұрған алматылық ұсталды

Оқиға Мақатаев және Қожамқұлов көшелерінің қиылысында болған.

Қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, үйдің подъезінің алдында екі ер адамның арасында жанжал туған. 45 жастар шамасындағы ер адам қасындағы туысқанын аңшы мылтығының дүмімен ұрған. Сонан соң қашып кеткен.

«Оқиға орнына жеткен полицейлер ер адамды ұстап, мылтықтың тіркелгенін анықтады. Күдікті қазір Алмалы аудандық ІІБ-ге жеткізілді. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның іс әрекетіне құқықтық тұрғыда баға берілетін болады», - деді С.Әзірбек.