17:24, 19 Қаңтар 2015 | GMT +5
Түз тағысы тұрғын үйлерді торуылдап жүр - Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Қармақшы ауданында түз тағысы тұрғын үйлерді торуылдап жүр. Тіпті иттерге ауыз салып үлгеріпті. Абырой болғанда, қорқаудың тырнағына адамдар ілінбеген.
Тұрғындардың айтуынша, түз тағысы өрістегі малға да қырғидай тиіп жатыр. Әр малшының оншақты ірі қарасын қасқыр тартып әкетіпті. Енді олар күнкөріске айналған шаруашылығына алаңдаулы. Облыстық орман және аң шаруашылығы инспекциясының мәліметінше, қасқырлар өңірге тобырымен ығып келген ақбөкендердің соңына ілесіп жүр. Енді мекеме мамандары қорқаудан келетін қауіптің алдын алу жұмыстарын қолға алды.