Түзеу мекемесінде наразылық көрсеткендерге айып тағылды - БҚО прокуратурасы

ОРАЛ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Биылғы 20 тамызда Орал қаласындағы БҚО қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты РУ-170/2 мекемесінде осында жазасын өтеп жатқан 64 адам наразылық ретінде өздеріне түрлі дене жарақаттарын салған болатын.
None
None
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған факті бойынша ҚР ҚК 360-бабы 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, жедел тергеу тобы құрылған еді. 19 тамыз күні жүргізілген тексеріс барысында жазасын өтеушілерден тыйым салынған 477 түрлі зат алынған, олар тоғыз бірдей «ГАЗ-53» жүк автокөлігімен түрмеден шығарылған. Осыған қарсылық ретінде Е.Балқыбеков өзін қолдаушыларды жинап алып, 20 тамыз күні таңғы сағат 6.00-де тамырларын кесу қажеттігін жеткізген. Бұған В.Перницкий мен Е.Қалиев көмектескен. Соның салдарынан 64 жазасын өтеуші сот-медициналық сараптамаға сәйкес өздеріне жеңіл дене жарақаттарын салған. Тергеу шараларының қорытындысы бойынша 1983 жылғы Е.Балқыбеков, 1989 жылғы Е.Қалиев, 1987 жылғы В.Перницкий, 1985 жылғы Н.Аманқұлов, 1988 жылғы Е.Хайруллин, 1988 жылғы А.Жекенов, 1984 жылғы А.Бақтығұловқа ҚР ҚК 360-бабы 3-бөліміне сәйкес айып тағылды. Бес сотталушыға қатысты қылмыстық ізге түсу ҚР ҚК 65-бабы бойынша шын өкінулеріне байланысты тоқтатылды, жазасын өтеп жатқан 53 тұлғаға қатысты ҚР ҚК 37-бабы 1-бөлімі 2-тармағы бойынша әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешім шығарылды. Қазіргі таңда айыпталушылар мен олардың қорғаушылары қылмыстық істің материалдарымен танысуда.
Соңғы жаңалықтар