Твумаси «Астана» командасын алға шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа лигасының плей-офф сынында «Астана» мен БАТЭ арасындағы қарымта кездесуде қазақстандық команда алда келе жатыр.
None
None

Алғашқы голды БАТЭ-нің жартылай қорғаушысы Миxаил Гордейчук ойынның 27-минутында салса, екінші таймда ойынның 50-минутында «Астана» сапынан Неманья Максимович есе қайтарды. Ал 76-минутта Патрик Твумаси айып добын сәтті орындаудың арқасында қазақстандық команданы алға шығарып отыр.

Енді келесі кезеңге өту үшін, БАТЭ командасына кемінде төрт гол салу керек.

Айта кетейік, матч Беларус елінде «Борисов-Арена» стадионында өтіп жатыр.

Еске сала кетсек, «Астана» мен БАТЭ арасында Еуропа лигасының плей-офф сынында «Астана Аренада» өткен алғашқы матч 2:0 есебімен қазақстандық команданың басымдығымен аяқталған болатын. Ол кезде «Астана» шабуылшысы Джуниор Кабананга мен Азат Нұрғалиев гол авторлары атанған еді. 

Соңғы жаңалықтар