Twitter акционерлері Илон Маскты сотқа берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Twitter акцияларының иелері Илон Маск пен компанияны сотқа берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Twitter акционерлері Илон Маскты сотқа берді

Инвесторлардың айтуынша, миллиардер мәміледен бас тарту немесе сатып алу бағасын айтарлықтай төмендетуге келісу үшін Twitter акцияларының бағасын түсіруге тырысуда. Компанияның акциялары қазірдің өзінде 12% -ға төмендеп кеткен.

Маск Twitter-ді сәуір айының соңында 44 миллиард долларға сатып алуға келіскен болатын. Бірақ кейін әлеуметтік желідегі боттардың санына қанағаттанбағандықтан, мәмілені тоқтатты.

Еске салсақ, Илон Маск Twitter-ді 44 млрд долларға сатып алатыны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.