18:33, 24 Шілде 2023 | GMT +5
Twitter әлеуметтік желісінің логотипі ауысты
АСТАНА.ҚазАқпарат - Twitter-дің иесі Илон Маск оның логотипін өзгертті. Үйреншікті құс бейнесі Х белгісімен ауыстырылды, оның дизайнын әлеуметтік желі қолданушыларының бірі ұсынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Forbes.ru-ға сілтеме жасап.

17 жыл бойы қолданылып келген брендті өзгертуге бар болғаны бір күн уақыт кеткен. Маск алдағы уақытта Twitter атауын да өзгертуді жоспарлап отыр.
Маск демалыс күндері пайдаланушыларды әлеуметтік желіге жаңа логотип жасауға шақырды, содан кейін нұсқалардың бірін таңдады.
Дүйсенбі күні X логотипі әлеуметтік желінің дизайнында, сондай-ақ Twitter-дің Сан-Францискодағы бас кеңсесінде пайда болды.