Тяньцзинь хайуанаттар бағындағы алып панда 10 жасқа толды

ТЯНЬЦЗИНЬ. СИНЬХУА-ҚазАқпарат – Қытайдың солтүстігіндегі Тяньцзинь хайуанаттар бағында Силэ деген лақап аты бар алып панданың 10 жасқа толған туған күні атап өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Тяньцзинь хайуанаттар бағындағы алып панда 10 жасқа толды

Жануарларды күтіп-баптайтын қызметкерлер мерекелік ас әзірледі. Мұндай алып пандалардың ұзындығы, әдетте 1,2-1,8 метрге жетіп, салмағы 70-тен 160 келіге дейін барады.

Алып панда – сиреп бара жатқан тұқым. Ғалымдардың пікірінше, жабайы табиғатта шамамен 2 060 қана түрі қалған. Алып панда – Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының (WWF) символы.

ҚХР-да панданы өлтірген адам өлім жазасына кесіледі.