Тыныс алу органдары аурулары алғашқы орында тұр

АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Тыныс алу органдары аурулары бойынша IV Ұлттық конгресі және Созылмалы респираторлық аурулармен күрес жөніндегі ғаламдық альянстың VIII кеңесі өз жұмысын бастады.
None
None

«Елімізде тұңғыш рет Денсаулық сақтау ұйымының өкпе дерттеріне байланысты үлкен кеңесі өтіп жатыр. Оған 32 елден саланың білікті мамандары қатысуда. Аталған ұйымның есептеулеріне сүйенсек, әлемде денсаулық сақтау саласына жұмсаған қаржының 58 пайызы өкпе ауруларына байланысты. Себебі, дәрі-дәрмекке, ем-домға, тексерулерге қомақты қаржы жұмсалады»,-деді Ұлттық ғылыми медициналық орталығының бас директоры Абай Байгенжин.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда жалпы сырқаттанушылық құрылымында тыныс алу органдары аурулары алғашқы орында тұр. Осы орайда 100 мың тұрғынға шаққанда 22900 жағдайдан келеді екен. Бұл көрсеткіш бойынша тыныс алу органдары аурулары жүрек қан тамыры дертінен де асып түскен.

Көп тараған тыныс алу індеттерінің ішінде пневмония, өкпенің сызылмалы обструктивті аурулары, бронха астмасы, гипоплазия, бронхоэктазия және басқалары бар.

Соңғы жаңалықтар
Референдум