17:22, 25 Сәуір 2014 | GMT +5
Тыйым салынған заттарды темір тордың ар жағына өткізбек болған 200-ге жуық қазақстандық жазаланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тыйым салынған заттарды темір тордың ар жағына өткізбек болған 200-ге жуық қазақстандық жазаланды. Бұл туралы ҚР ІІМ ҚАЖ Комитеті төрағасының орынбасары Теңізжан Жәнібеков қатысқан қылмыстық атқару жүйесі бойынша Комитет қызметінің қорытындысы бойынша өткен жиында айтылды.
«Жыл басынан тыйым салынған заттарды түрмеге өткізбек болған 200-ге жуық ҚР азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 10 қылмыстық жауапкершілікке тартылды», - деді Т. Жәнібеков.
Осылайша, Семейде қатаң режимдегі колонияға 2 орамды лақтырмақ болған ер адам қолға түсті. Сот-химиялық сараптамасы анықтағандай, онда 300 грамм гашиш пен марихуана болған. Қылмыстық іс қозғалды.
Соңғы кездері қоғамдық таратушылардың тыйым салынған заттарды түрмеге өткізу фактілері тіркелуде. Бір күннің ішінде ғана Алматы изоляторында тергеу уақытында қамалғандарға қоғамдық қорғаушылар телефон, тағы бір жағдайда ақша өткізбек болған. Кінәлілерге ҚР ӘҚБ 367-бабы бойынша 2АЕК көлемінде айыппұл салынды және зат тәркіленді.