ТЖ режимін бұзған 333 ақмолалық әкімшілік жазаға тартылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының соттары 2022 жылғы 6-11 қаңтар аралығында 333 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖ режимін бұзған 333 ақмолалық әкімшілік жазаға тартылды

«Ақмола облысының соттары 2022 жылғы 6-11 қаңтар аралығында 333 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады. Оның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша (бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңнаманы бұзу) - 31 іс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша (төтенше жағдай режимін бұзу) - 303 іс бар. Сот істерді қарап, 67 адамды қамаққа алу, 19 адамға айыппұл және 247 адамға ескерту түрінде жаза тағайындады», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.