ТЖД астаналықтарды тыныштық сақтап, әбігерге түспеуге шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 17 қарашасы күні, таңғы сағат 9-да Астана қаласының ақпараттандыру жүйесін тексеру жүргізілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Оның барысында теле және радиоарналарға атап айтқанда, «Хабар», «Қазақстан», «Еуразия» Бірінші арнасы, «Астана», КТК, НТК, «Астана» радиосы, «Шалқар» радиосы, Ретро ФМ, Авторадио және Қазақ радиосына қосылу арқылы С-40 электр дабылдары беріледі. 

«Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан тыныштық сақтап, әбігерге түспеулерін және алып-қашпа сөздерге сенбеулерін сұрайды», - делінген таратылған хабарламада. 

 

Соңғы жаңалықтар