13:20, 18 Наурыз 2013 | GMT +5
ТЖД тұрғындардан «№1 карта» аумағындағы жарылыстарға байланысты сабырлық сақтауды сұрайды - ШҚО
ӨСКЕМЕН. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Облыстық ТЖД бүгін сағат 11-де «№1 карта» - Үлбі металлургиялық зауыты нысанының аумағында жару жұмыстарының басталуына орай Өскемен тұрғындарынан сабырлық сақтауды сұрайды.

Жұмыстар тау жынысын әзірлеу және төсеу үшін картаны қайта жөндеу аясында жүргізілуде.
Жару жұмыстарын «Шығысжаруөнеркәсібі» ЖШС атқаруда.