ТЖК «Ан-2» ұшағының апатқа ұшырау себебіне қатысты болжамды ақпаратты жариялады
2015 жылғы 20 қаңтарда сағат 15.40-та Жамбыл облысындағы «Шатыркөл кен орны маңында «Балқаш-Шатыркөл» бағыты бойынша ұшып бара жатқан Ан-2 ұшағы құлаған болатын.
«Алдын ала жасалған болжам бойынша ұшақ қонуға таяғанда қалың тұман салдарынан жерге соғылған», делінген хабарламада.
Апаттан 3 жолаушы, 3 экипаж мүшесі қаза тапты, бір әйел адам тірі қалып, ауруханаға жеткізілді.
Ұшақ құлаған ауданда «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Шатыркөл» кен орны қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері, Қарағанды және Жамбыл облыстары Төтенше жағдайлар департаменттерінің құтқару бөлімшелері және Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің жедел-тергеу тобы жіберілген.
«Апатқа қатысты заңда көрсетілген тәртіпке сәйкес, тергеу амалдарын Жамбыл облысы ІІД жедел-тергеу тобы жүргізіп жатыр. Оқиға бақылауға алынды», деп хабарлады ТЖК баспасөз қызметінен.