ТЖК ескертеді: Батыста бұрқасын болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның батыс өңірінде бұрқасын болады. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Тәжірибе төтенше жағдайлар саны демалыс және мереке күндері ұлғаятынын көрсетіп отыр. Бұл қалыптасқан ауа райы жағдайларын ескерместен тұрғындардың автокөлікпен басқа өңірлердегі туысқандарына баруына және демалыс кезінде қырағылықтың төмендеуіне байланысты», - дейді комитет төрағасы.

Оның атап өтуінше, 1 желтоқсанда еліміздің батыс облыстарында көктайғақ пен жаяу бұрқасын күтіледі. Сонымен қатар, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертті.

«Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға ауа райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді, смс-хабарламаларды бақылап отыруға кеңес береді. Ауа райының нашарлауы мен автожолда автокөлік қозғалысына шектеу енгізілген кезде алыс сапарға шықпаңыздар», - деді В.Беккер.

Соңғы жаңалықтар