ТЖК-ның 20 қызметкері марапатталды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитетінде Полиция күні және Мемлекеттік қызметші күні құрметіне орай салтанатты жиналыс өтті. Онда Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин ТЖК жеке құрамын мерекелермен құттықтады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
None
None

Елімізде 90 мыңнан астам азамат мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметтің табысты реформасы арқасында кәсіби мемлекеттік аппарат құрылды.

Сонымен бірге, жыл сайын Қазақстанда 23 маусым күні кәсіби мейрам - Полиция күні тойланады. Елімізде полиция күні - бұл жан аямай қазақстандық полицияны құрған және бүгінде оның қатарында жұмыс істейтін барлық қызметкерлеріне деген алғыс белгісі.

Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің дамуына үлесін қосқаны, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін және Қазақстандык полиция күнін мерекелеуге байланысты ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен ТЖ комитетінің 20 қызметкері ведомстволық наградалармен, тағы 44 қызметкер ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасының грамоталары және плғыс хаттарымен марапатталды.

null null null null null null   

Соңғы жаңалықтар