ТЖМ аппарат басшысы тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Дәурен Есімсейітов Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы болды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Даурен Есимсеитов
Фото: ҚР ТЖМ

ҚР ТЖМ 2025 жылғы 12 қарашадағы бұйрығымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы болып Дәурен Сансызбайұлы Есімсейітов тағайындалды.

Дәурен Есімсейітов 1984 жылы дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңтану» мамандығы бойынша бітірген.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Тылдық қамтамасыз ету департаментінің директоры, Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді.

Әр жылдары мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде қызмет атқарды.

Мемлекеттік награда «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталған (2023 ж.).

Бұдан бұрын Энергетика вице-министрі ауысқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар