ТЖМ басшысы Қарағанды облысы құтқарушыларының жаңа құрал-жабдықтарымен танысты

Ведомство басшысымен бірге ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Серік Әубәкіров, Төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы Серік Ахметов болды.
Аймаққа жасаған сапары барысында министр құтқарушылардың жаңа құралдарымен танысты.
Министр мен ведомство өкілдері Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ кәсіби дайындық мектебі мен «Көмір» әскери апаттық-құтқару қызметінің филиалында болды.
Бүгінгі таңда құтқарушыларды дайындау және қайта оқытудан өткізу мәселесі маңызды болып табылады, деп атап өтті ведомство басшысы.
Төтенше жағдайлар министрі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына қарағандылық кәсіби мектеп базасында газ және түтіннен сақтану бөлімшелерінің жетекшілерімен бірге семинар өткізуді тапсырды.