ТЖМ басшысы «Қыс-2011» республикалық КШО-дағы құтқарушылардың жұмысына көңілі толды

Бұл жөнінде ведомство басшысы КШО аясында өткізілген «Тұрғын үй секторының дербес жылу беру жүйесіндегі жарылыс салдарынан болған ТЖ зардаптарын жою» атты арнайы тактикалық жаттығудан кейін айтты.
«Қазір біз «Қыс - 2011» жаттығуының соңғы сатысының аяқталуына куә болдық. Бұл оқулар біз үшін дәстүрлі болып табылады. Бұл арқылы біз табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайға облыстағы барлық жедел іс-қимыл ету жүйелерінің дайындығын тексереміз. Бүгінгі оқу ширақ, кәсіби дағдыларды көрсету және заманауи техникалық құралдарды қолдану арқылы өтті. Мен ризамын. Бұл бөлімшелердің жауынгерлік жағдайларда да үйлесімді жұмыс атқаратынына сенімдімін», - деді В.Божко.
Тактикалық оқулардың жоспары бойынша, бес қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде жылытатын қазандық жарылады. Күшті жарылыс салдарынан екі үйдегі кіреберіс, сонымен қатар ішкі аулалық ғимараттардыңқұрылымдары құлап түсіп, үйінділер пайда болады. Өрт шығып, коммуналдық жүйелер істен шығады. Құтқарушылар ТЖ зардаптарын жойып, зардап шеккендерді үйінділер астынан шығарды, адамдарға жедел медициналық көмек көрсетіліп, олар ауруханаларға жеткізіледі.
Ведомствоның мәлімдемесі бойынша, арнайы тактикалық оқуда жеке құрамнан 170 адам, арнайы және көмекші техниканың 43 бірлігі іске қосылды. «Бұл оқудың қатысушылары арасында болашақ құтқарушылар - колледж студенттерін көру көңіл сүйсіндірерліктей. Бұл біздің еліміздегі құтқарушы мамандарды даярлайтын ең таңдаулы колледждердің бірі болып табылады. ТЖМ бөлімшелерінің, ұйымдар мен мекемелердің дайындығы жыл сайын өсіп келе жатыр деп нық сеніммен айтуға болады», - деп атап өтті ТЖ министрі.
Сонымен қатар құтқарушылар қолданыста жақында пайда болған жаңа техниканы көрсетті. Мысалы, өрт сөндірудің импульстық жүйелері, көп қабатты ғимараттардың ең биігіне су жеткізе алатын 100 метрлік баспалдақты айта кетуге болады.
Ведомство басшысының пікірінше, осы маусымда барлық жүйелердің қысқа дайындығы бұрынғыдан әлдеқайда жоғары.
Тәжірибелік жұмыстардан кейін төтенше жағдайлар министрі Қарағанды облысының әкімідігінде селекторлық кеңес өткізіп, ведомстволық бөлімшелер мен мемлекеттік органдардың қысқа дайындығы туралы есептері тыңдалды. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия басшылары баяндама жасады.
Бүгін сондай-ақ төтенше жағдайлар министрінің басшылығымен апаттық-құтқару қызметтерінің, облыстық жедел штабтың дайындығы қаралды.
Сонымен қатар, «Қыс-2011» республикалық жаттығуларының аясында Қарағанды облысы ТЖД-дегі оқу сыныбының тұсаукесері болды.