ТЖМ басшысы үшінші медициналық пойызды 2012 жылдың жазынан кешіктірмей іске қосуды тапсырды

Онда «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ басқарма төрағасы Серік Данбаев өткен жылы шалғайдағы аймақтардағы халыққа медициналық қызмет көрсету үшін шығарылған «Денсаулық» және «Жәрдем» пойыздарының жұмыстарын қорытындылады.
Денсаулық медициналық пойызы алғашқы сапарға 2010 жылы 1 шілде күні шықты. Білікті мамандармен және заманауи қондырғылармен жабдықталған пойыз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарында болды. Сөйтіп, 115 күн ішінде 23283 адамды, оның ішінде 7883 баланы медициналық тексеруден өткізді. 441 шағын оталар жасалып, маммологтар 622 әйелді қарады. Заманға сай диагностикалық құрылғылар 333 адамда ісік ауруларын, 5261 адамда - қан айналым жүйесінің бұзылуын анықтады. 72 азаматқа алдын ала «туберкулез» диагнозы қойылды.
Ал «Жәрдем» екінші медициналық пойызы ауыл-аймақтарды аралауға өткен жылдың соңында, нақты айтқанда 14 желтоқсан күні аттанды.
Пойыздарда медициналық қызметтер кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде тегін көрсетіледі. «Денсаулық пойызы өз жұмысын елдің оңтүстік, ал «Жәрдем» батыс өңірлерінде жалғастырады.
Өз кезегінде В. Божко: «Үшінші пойызды іске қосу туралы Үкімет басшысының тапсырмасына назар аудартқым келеді. Қазір «Қазақстан темір жолымен» бұл бағыттағы жұмыстарды бәсеңдетпеу керек және 2012 жылғы жаз айының ортасында бұл пойыз қозғалыста болуы қажет»,-деді.
Сондай-ақ министр бұл бағытта Денсаулық сақтау министрлігімен тығыз жұмыс істеу қажеттігін тапсырды.