ТЖМ биік ғимараттардағы өрт кезінде эвакуация ережелерін еске салды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі биік тұрғын және әкімшілік ғимараттарда өрт шыққан жағдайда эвакуациялау ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. 

пожар
Фото: ТЖМ

Ведомство өрттің алғашқы минуттарында дұрыс әрекет ету тәуекелдерді айтарлықтай азайтып, адамның өз өмірін және айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Биік ғимараттардағы қауіпсіздік ерекше маңызды. Тығыз қоныстану, күрделі архитектура және желдету жүйелерінің ерекшелігі түтіннің жылдам таралуына әкеледі. Сондықтан эвакуация кезіндегі әрекеттер нақты, алдын ала ойластырылған және тексерілген болуы тиіс.

ТЖМ эвакуациялау бойынша мына негізгі ұсынымдарды ұсынады:

– дүрбелеңге берілмей, жағдайды тез бағалау;
– есіктерді жауып, бірден эвакуацияны бастау (жабық есіктер түтін мен өрттің таралуын баяулатады);
– лифтті қолданбау – ол тоқтап қалуы немесе түтіннің таралу каналына айналуы мүмкін;
– тек эвакуациялық баспалдақтарды пайдалану;
– түтін кезінде еденге жақын жүру, себебі төменгі аймақта түтін аз болады;
– от немесе қою түтін жолды бөгесе, бөлмеден шықпау, есікті жауып, саңылауларды дымқыл шүберекпен бітеу;
– терезеге немесе балконға шығып, құтқарушылардың назарын аудару;
– 112 нөміріне хабарласып, нақты мекенжай мен орналасқан жерді көрсету;
– балаларға, қарттарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға алдымен көмектесу.

Министрлік тұрғындарды алдын ала эвакуация жоспарларымен танысуға, өрт шығу жолдарының орналасуын білуге және оқу-жаттығуларға қатысуға шақырды.

Айта кетейік, Жетісу облысында монша өртеніп, 22 адам эвакуацияланды.

Соңғы жаңалықтар