ТЖМ инновациялық өрт сөндіруші роботты таныстырды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанда республикалық референдум өткізу аясында «QAZAQSTAN» телеарнасының эфирінде «Референдум-2026» ауқымды онлайн-марафоны ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

ТЖМ инновациялық өрт сөндіруші роботты таныстырды
Фото: ТЖМ

Марафонда көрермендер өрт сөндіруші роботпен танысты.

Шынжыр табаны бар робот қашықтан басқарылады. Ол Петропавл қаласындағы зауыт мамандары мен Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бірлескен еңбегінің нәтижесі. Бұл жоғары технологиялық аппарат өртті күрделі, басқаша айтқанда құтқарушылардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін өндірістік нысандардағы өртті сөндіруге арналған.

өрт сөндіруші робот
Фото: ТЖМ

Телемарафон барысында Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы жедел кезекшісінің орынбасары азаматтық қорғау капитаны Жанат Қапаров роботтандырылған қондырғының бірегейлігі мен оның төтенше жағдайлар саласындағы қауіпсіздікті арттырудағы рөлі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Ол бұл роботтың құтқарушылардың өміріне төнетін қауіп-қатерден сақтандыруға арналғанын атап өтті. Бұл әсіресе ірі әрі қауіпті өрттерді жою кезінде аса маңызды.

Қапаровтың айтуынша, мұндай роботтарды қолдану құтқару операцияларының тиімділігін арттырып, уақыт пен ресурстар шығынын азайтуға, сондай-ақ адам шығыны қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

ТЖМ инновациялық өрт сөндіруші роботты таныстырды
Фото: ТЖМ

-Бұл инновациялық әзірлеме Қазақстанның технологиялық жетістіктері саласындағы маңызды қадам болып табылады және құтқарушылар мен азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға деген ұмтылысты білдіреді,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Петропавлда өндірістік цехтан шыққан өрттің роботтың көмегімен сөндірілгені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар