ТЖМ қазақстандықтарды көшкін қаупіне байланысты тауға бармауға шақырды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның ТЖМ «Қазселденқорғау» мамандары төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында еліміздің таулы аймақтарындағы қар көшкіні қаупі бар учаскелерді тұрақты түрде бақылап, тексеріп отырады. Бұл туралы ТЖМ баспасөз құызметі мәлім етті.
— Қар көшкіні қаупі кезеңінің басынан бастап (2025 жылдың қараша айынан) республика бойынша 331 жергілікті зерттеу жүргізілді, қар көшкіні түсуі мүмкін жерлерге 110 ескерту белгісі орнатылды, — делінген хабарламада.

Халықты ақпараттандыру мақсатында 1 275 ескерту хабарламасы, сондай-ақ 6 103 ақпараттық брошюра таратылды. 2025–2026 жылдарғы қар көшкіні қауіпті кезеңі басталғалы бері Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл облыстарында 61 рет қар көшкінінің өздігінен түсуі тіркелді.
Айта кетейік, ШҚО-да қар көшкіні қаупі жоғары учаскелерге тікұшақпен барлау жасалды.