03:16, 07 Маусым 2025 | GMT +5
ТЖМ қызметкерлері суға батып бара жатқан адамды құтқарды
АСТАНА. KAZINFORM — Павлодар қаласы Усолка өзенінің коммуналдық жағажайында патрульдеу кезінде ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары суда қайғылы оқиғаның алдын алды.

Құрамында 4 құтқарушы мен 2 жүзу құралы бар экипаж өзеннің ортасында суға батып бара жатқан адамды байқаған. Зардап шегуші судың бетінде тұра алмай, су астына кете бастаған.
Құтқарушылар ер адамды судан шығарып, жағаға жеткізіп алғашқы көмек көрсеткен.
Құтқарушылар ер адамның жағдайы қалпына келген соң, оны медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.
Айта кетелік құтқарушылар каньонға түсіп кеткен ер адамды құтқарған еді.