ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 2 адамды құтқарды

АСТАНА. KAZINFORM - Жетісу облысында ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған 2 адамға көмектесті. 

ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 2 адамды құтқарды
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Жетісу облысындағы «Достық-Мақаншы» автожолында жүк автокөлігі қар құрсауында қалып, жүргізуші 112 пультіне жүгінген. 

Қатты боран жағдайында ТЖМ құтқарушылары шақыру орнына келіп, Алакөл ауданының Достық станциясындағы ең жақын жылыту пунктіне дейін фураның жүргізушісі мен жолаушысын эвакуациялады. 

— Саяхатшылар аман-есен. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес, — делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты Үшарал-Достық тас жолы жабылғанын, Алакөл ауданында көліктің барлық түріне шектеу қойылғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар