ТЖМ мамандары көлікті өрттен қорғау үшін не істеу керектігін айтты
АСТАНА. KAZINFORM - ТЖМ мамандары көлікті өрттен қорғау үшін қандай шараларды орындау қажеттігін мәлімдеді.

Өрт сөндірушілер автокөлікті өрттен қорғау үшін көлік иелеріне келесі шарттарды орындау қажет екенін еске салады:
🔹 техникалық байқаудан уақытында өткізу;
🔹 электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнату;
🔹 әрқашан жарамды өрт сөндіргішті көлік салонында ұстау;
🔹 қозғалтқыштың отын аппаратурасының жарамдылығын бақылау;
🔹 көлікте бөгде, тез тұтанатын заттарды ұстамау;
🔹 жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдау.
Айта кетейік, өрт сөндірушілер өткен тәулікте 4 автокөліктің өртін сөндірді. Оқиға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орын алды.
ТЖМ күштерімен 1 жеңіл автокөлігі және 3 жүк көлігінің жануы сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.