18:04, 26 Мамыр 2010 | GMT +5
ТЖМ шағын және орта бизнес субъектілеріне әкімшілік кедергілерді жою мақсатында бірқатар шаралар қолдануда
амырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Төтенше жағдайлар министрлігі шағын және орта бизнес субъектілеріне әкімшілік кедергілерді жою мақсатында бірқатар шаралар қолданып отыр. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Министрліктің Мемлекеттік өртті бақылау басқармасының Бас инспекторы Мейрамбек Қайсанов мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, министрлік жүк көтергіш механизмдер мен өздігінен жүретін крандарды пайдалану, апатты-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметтерді лицензиялаудан толығымен бас тартқан. Сонымен қатар өнеркәсіп қауіпсіздігі мәселелерін шешуде жеделділікті арттыру үшін Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті өз өкілеттігін
аумақтық органдарына бөліп берді. Бұған қоса өрт қауіпсіздігі саласы бойынша лицензияланатын қызмет түрлерінен монтаждау, жөндеу сияқты бірқатар шаралар алынып тасталған.
Бас инспектор аталғандармен әкімшілік кедергілердің жойылуына негіз болатын тағы бірқатар заңдардың қабылданғандығын атап көрсетті.