17:58, 23 Қаңтар 2025 | GMT +5
Тізім жаңарды. Ел әуежайларында VIP қызметті кімдер пайдалана алады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізіміне өзгерістер енгізілді.

Бұл туралы Көлік министрінің бұйрық жобасы «Ашық» НҚА порталында жарияланды.
Құжаттағы өзгерістер елдің іскерлік имиджін көтеру және Қазақстан Республикасының көпжақты бағыттағы өкілдігін кеңейту мақсатын көздейді. Бұйрық жобасы биыл 6 ақпанға дейін жұртшылықтың талқысына ұсынылып отыр.
Жаңа тізімге сәйкес келесі саяси тұлғаларға әуежайда VIP қызмет ұсынылады:
- Президент
- Премьер-Министр
- Парламент Сенатының төрағасы
- Парламент Мәжілісінің төрағасы
- Мемлекеттік кеңесші
- Президент Әкімшілігінің Басшысы
- Экс-Президенттер
- Конституциялық Соттың төрағасы
- Жоғарғы Соттың Төрағасы
- Ұлттық Банк төрағасы
- Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
- Бас прокурор
- Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
- Орталық сайлау комиссиясының төрағасы
- Президенттің Іс басқарушысы
- Премьер-Министрдің орынбасарлары
- Президенттің көмекшілері
- Президент Кеңсесінің басшысы
- Төтенше және Өкілетті Елшілер
- Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы
- Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы
- Парламент Сенаты төрағасының орынбасары
- Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
- Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін агенттіктердің төрағалары
- Үкімет Аппаратының басшысы
- Министрлер
- Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері
- Президенттің кеңесшілері
- Президентінің арнайы өкілдері
- Президенттің Парламенттегі Өкілдігінің басшысы
- Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасарлары
- Президенттің Протокол қызметінің бастығы
- Президенттің Баспасөз хатшысы
- Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі
- Сыртқы істер министрінің орынбасарлары
- Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің басшысы
- Конституциялық Сот төрағасының орынбасары
- Парламент депутаттары
- «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
- Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
- «Алтын қыран» (Золотой Орел) орденінің және «Халық қаһарманы» (Народный герой), «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарының иегерлері
- Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары
- Конституциялық Соттың судьялары, сот алқаларының төрағалары және Жоғарғы Соттың мен судьялары
- Үкімет Аппараты Басшысының орынбасарлары
- Парламент палаталары, Конституциялық Сот аппараттарының басшылары
- Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы
- Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі басшысының орынбасарлары
- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі және Астана мен Алматы архиепископы
- Ұлттық компаниялардың басшылары
- Вице-министрлер, орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары, мемлекеттік органдар төрағаларының орынбасарлары, Орталық сайлау комиссиясының және Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері
- Қазақстандық саяси партиялардың басшылары
- Қазақстан Республикасына сапармен немесе жолай келетін шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдар делегацияларының Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі айқындайтын басшылары мен мүшелері
- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанында аккредиттелген Төтенше және Өкілетті Елшілер, Бас Консул және халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің басшылары
- Қазақстан Республикасының Президенті отбасының мүшелері
- Қазақстан Республикасы Президентінің жеке қонақтары
- Қазақстан Республикасының Президенті, Премьер-Министрі, Парламенті Сенатының және Мәжілісінің төрағалары, Мемлекеттік кеңесшісі, Премьер-Министрінің орынбасарлары, Парламенті Сенаты және Мәжілісі төрағаларының орынбасарлары, Сыртқы істер министрі және Үкіметінің өзге де мүшелері басшылық ететін Қазақстан Республикасы делегацияларының мүшелері.
Бұған дейін «Ашық НҚА» порталында «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдау және конкурсты өткізу мерзімін бекіту туралы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасы жарияланды.