Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

U20: Еркін күрес шебері Бекасыл Асамбек Словакияда күміс жүлде алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.

 Бекасыл Асамбек
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Комитет мәіметтеріне қарағанда, отандасымыз 61 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Финалда ол АҚШ өкілі Аарон Джеймс Сейделмен жолықты. Белдесудің қорытындысы бойынша америкалық балуан жеңіске жетті.

Сондай-ақ 86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев қола жүлде үшін өткен белдесуде жапониялық Нацура Окадзаваға жол берді. Осылайша, еркін күрестен Қазақстан құрамасының қоржынында бір күміс медаль бар.

Осыған дейін Бекасыл Асамбектің әлем чемпионатында ақтық сынға шыққанын жазған едік.