U22 санатындағы Азия чемпионаты: Санжарәлі Бегалиев алтын медаль иегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Бокстан Бангкок қаласында (Таиланд) өтіп жатқан U22 санатындағы Азия чемпионатында Санжарәлі Бегалиев финалдық айқаста жеңіске жетті. 

Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды
Фото: ҰОК

Қазақстандық боксшы 80 келіге дейінгі салмақта Рахматулло Бойматовпен (Өзбекстан) қолғап түйістірді. Төрешілер жекпе-жек аяқталысымен отандасымыздың жеңісін тіркеді. 

Ал Илья Калинин (65 келіге дейін) және Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін) финалда қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. 

Айта кетейік, бұған дейін Нұрислам Қалдыбаев (60 келіге дейін) алтын жүлдені қанжығасына байлағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар