Уақыт белдеуі. Алматы жаңа жұмыс кестесіне көше ме

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы әкімдігі қаланың жұмыс кестесіне қатысты айтты.

офис сотрудник ноутбук работа қызметкер жұмыс
Фото: Kazinform

Осыдан екі күн бұрын Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев елдегі бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты зерттеудің қорытындысын жариялады.

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауданында (Катонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самара, Күршім) тұрғындар тарапынан қолдау тауып, жұмыс кестесі 8:00–ден 17:30 (кешкі бес жарымға) дейін өзгертілді. 

Министр қажет болған жағдайда, осындай тәжірибені жергілікті атқарушы органдар басқа өңірлерде де қолдануға мүмкіндігі бар екенін жеткізген еді

Осыған байланысты Kazinform агенттігі Алматы әкімдігіне сауал жолдаған болатын.

— Жаңа жұмыс кестесіне көшу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ, — деп жауап берді қала әкімдігі.

Еске салсақ, бұған дейін Катонқарағай ауданында жұмыс уақыты бір сағатқа кері шегерілгені хабарланған. 

Кейін тағы бірнеше ауданда жұмыс уақыты өзгертілді. 

12 наурыз күні Алтай және Ұлан аудандарында да жұмыс уақыты сағат 08.00-де басталатындығы туралы жазғанбыз.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое және Шемонаиха аудандарында жұмыс уақыты бір сағатқа шегерілді. 

Айта кетейік, ғалымдар уақыт белдеуін өзгертудің кері әсерін дәлелдесе, кім жауапты болатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар