Уақыт өте келе Орталық Азияда лаңкестік қауіп-қатері артуы мүмкін - АҚШ қорының өкілі

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат -  Уақыт өте келе Қазақстанда лаңкестік қауіп-қатері артуы мүмкін. 
None
None

Бүндай пікірді бүгін Астанада өтіп жатқан Х Еуразиялық медиа форумда «Мұра» қоры (АҚШ) жанындағы Ресей, Еуразия және халықаралық энергетикалық саясат мәселелері бағдарламасының жетекшісі Ариэль Коуэн айтты.

«АҚШ Ауғанстаннан кетіп жатыр. Неге? Барлық үрдістерге сүйенетін болсақ, Ауғанстанның қазіргі үкіметі «Талибанның» тегеурінімен күресе алмайды. Ендеше, бұл Орталық Азия бағытына қарай таралуы мүмкін. Өкінішке қарай бұл бағыттар осы өңірдегі бұрынғы кеңестік елдерді тұрақсыздандыруда»,-деді ол.

А. Коуэннің айтуынша, «Талибан», «Хизб ут-тахрир», Түркістан ислам қозғалысы секілді бағыттар Орталық Азияны тұрақсыздандыруда.

«Бұл жүйелік қатерлер. Өкінішке қарай менің үкіметім, яғни АҚШ үкіметі Таяу Шығыстан кетіп жатыр»,-дейді ол.

Оның пікірінше, АҚШ үкіметі өңірден кету арқылы қателікке бой алдыруда. Себебі осы арқылы бұл аймақта  экстремизм арта түсуі мүкін.

Соңғы жаңалықтар