«Уақыт Таңдауы» байқауының жеңімпаздары анықталды
Құрамында белгілі тұлғалар, ақындар мен қайраткерлер бар әділқазылар алқасының ұйғарымымен биылғы жылы төрт аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. «Уақыт Таңдауы» байқауында « Жылдың үздік әкімі» атағына Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев лайық деп танылды. Ал «Жылдың үздік өнер ұжымы» атағын Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі (директоры - Нұрғиса Дәуешов) жеңіп алды. Сондай-ақ «Жылдың үздік колледжі» атағына Бағдашжан Молдашева басқаратын Хромтау тау-кен техникалық колледжі ие болды. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, елімізде салыстырмалы педагогика ғылымының негізін қалаушы Асқарбек Құсайынов «Жылдың үздік ғалымы» атанды.
Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, жеңімпаздардың қайсысы да еліміздің дамуына өз салалары бойынша айтулы үлес қосып келе жатқан ұжымдар мен тұлғалар.