Уәли Қыдыр Түркістан телеарнасының бас директоры болды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Журналистика саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар Уәли Қыдыр «Turkistan Media Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры болып тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев таныстырды.

Уәли Қыдыр Turkistan Media Holding бас директоры болды
Фото: Түркістан телеарнасы

Уәли Қыдыр 1975 жылы Түркістан облысы Отырар ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

Еңбек жолын «Заң» басылымдарында редактор болып бастады. 2001 жылы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінде жұмыс істеді. 2002–2009 жылдары республикалық «Заң» газетінде тілші, бөлім редакторы қызметтерін атқарды. Бұдан кейін «Нұр-Астана» газетінің Алматыдағы бөлімін басқарды, сондай-ақ «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары болды.

2012 жылы – «Қазақ радиосы» директорының орынбасары, 2013 жылы – «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының директоры қызметін атқарды. Ал 2024 жылдан бері «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директоры лауазымында болды.

Айта кетейік, осыған дейін «Turkistan Media Holding» ЖШС-не жетекшілік еткен Жанахмет Ағыбаев өз өтініші бойынша қызметінен босатылды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістан халықаралық әуежайына жаңа директор тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар