Уәлихан Бисенқұлов Мәскеуде сынған қолмен айқасып, қарсыласын нокаутқа түсірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Уәлихан «Адай» Бисенқұловтың қарсыласы қырғызстандық боксшы Эрнис Сайпидинуулу болды. Бұл айқастың қалай өткендігі жайлы жаңаөзендік боксшының менеджері және бапкері Жалғаш Төкешов айтты, деп хабарлайды lada.kz.
None
None

Жекпе-жек 15 желтоқсан күні кешкісін Лужникидегі Бокс академиясында Shamo Boxing Promotions бен Tukeshov boxing promotions қолдауымен өтті.

Жалғас Төкешов атап өткендей, бірінші раундта Уәлихан ұпай бойынша жеңген. Екінші раундта ол қарсыласының бауырынан соққы беріп, нокаутқа түсірген.

Уәлихан Эрнис Сайпидинуулумен екінші рет кездесіп отыр. Олардың бірінші айқасы 15 қыркүйекте өткен. Ол кезде қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді. Кейін қырғызстандық реванш сұраған.

«Ең қызығы, ол айқаста сол қолымен жеңді. Себебі, оның оң қолы сынып, бір ай бұрын ғана гипсін алған болатын. Біз жылдың соңында өнер көрсетіп, рекорд жасамақшы болдық. Келесі жылға жоспарлар көп. Қазір шетелдік промоутерлік компаниялармен келіссөздер жүргізіліп жатыр», - деп бөлісті боксшының менеджері және бапкері.

Уәлихан Бисенқұлов рингке 23 ақпанда шығып, кәсіби рингтегі тоғызыншы жекпе-жегін Ақтөбеде өткізеді. Бұл титулдық айқас болмақ.

Соңғы жаңалықтар