ҰБ басшысы Ұлттық қордан балаларға ақша аударуға әсер ететін факторларды айтты

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық қор табысынан балаларға аударылатын қаражат деңгейі қандай факторларға  байланысты болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform. 

ҰБ басшысы Ұлттық қордан балаларға ақша аударуға әсер етенін факторларды айтты
Фото: Kazinform

Атап айтқанда, келер жылдың 1 ақпанынан Ұлттық қор табысынан балаларға қаражат аударыла бастайды.

«Төлемдер Ұлттық қордан бағытталады. Бұл тұрғыда кем дегенде үш фактор ескерілген. Біріншіден, тұрақты кіріс болуы керек, оған мұнай бағасы, металл құны, салық саласындағы әкімшілендіру елеулі әсер етеді», - деді Т.Сүйлейменов Мәжілістің жалпы отырысында депутаттардың сұрағына жауап бере отырып.

Ұлттық банк басшысы фискалдық тәртіп мәселесін де атап өтті.

«Екіншіден, бұл біздің фискалдық тәртіпке байланысты болады. Яғни, Ұлттық қордан қанша алатынымызды, қаншасын мақсатты кепілдендірілген трансферт ретінде аударатынымызды ескеру керек. Ал келесі компонент Ұлттық қордың өзін басқару тиімділігіне байланысты болады», - деді Тимур Сүлейменов.

Бұдан бұрын ҰБ басшысы Қазақстанда Ұлттық қор қаражатын басқару саясаты өзгеретінін айтты.

Соңғы жаңалықтар