ҰБ төрағасы девальвация жөнінде: Қазақстанда валюталық саясат тұрақты
«Қазіргі бағамдық валюталық саясат бүгіндегі орын алып отырған өзгерістерге сай келеді. Инфляциялық таргеттеу саясаты елде толық көлемде жүзеге асырылуда», - деп тоқталды ҰБ басшысы девальвацияға қатысты тараған қауесет бойынша тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Оның пайымынша инфляция бойынша төрт айдың нәтижесі бұл көрсеткіштің қажетті дәлізде тұрғанын байқатып отыр.
«Әрбір сарапшы өз болжамын (девальвацияға қатысты) айтуға құқылы. Атап айтқанда, елімізде ақша-несиелік саясат, валюталық саясат тұрақты», - деді Ерболат Досаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы жылғы сәуірде айлық инфляция 0,5 пайызды құрады.
Жылдық инфляция 2019 жылға арналған 4-6 пайыздық нысаналы дәліз шегінде тұрақтанды және сәуір айының қорытындысы бойынша 4,9 пайыз деңгейінде қалыптасты.