ҰБТ - 2026. Нені білу маңызды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Ұлттық тестілеу орталығы келесі жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыратын талапкерлерге маңызды ақпаратты жариялады.
ҰБТ-ны жылына 5 рет тапсыруға болады:
қаңтар, наурыз, тамыз айларында – ақылы оқуға түсу үшін (3 рет);
негізгі (мамырдан бастап шілдеге дейін) – грант конкурсына қатысу үшін немесе ақылы оқуға түсу үшін 2 мүмкіндік.
Кімдер қатыса алады?
мектеп түлектері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
шартты түрде оқып жатқандар – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
колледж түлектері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
өткен жылғы мектеп түлектері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
шетелде білім алған Қазақстан азаматтары – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
ұлты қазақ шетел азаматтары (қандастар) – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
ақылы негізде басқа мамандыққа ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері – қаңтар, тамыз;
ақылы негізде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына ауысуға ниетті студенттер – қаңтар, тамыз ҰБТ-сын тапсыра алады.
Айта кетелік шетелдік филиалдар, ҰБТ реформасы – Қазақстан жаһандық білім нарығын қалай бағындырмақтығы туралы жазған едік.