ҰБТ: Бірқатар мамандықтар бойынша ұлттық ЖОО-лардың ақылы бөліміне түсудің шекті балы төмендетілді

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Биыл бірқатар мамандықтар бойынша Қазақстанның ұлттық жоғары оқу орындарындағы ақылы бөлімге түсу үшін ҰБТ-ның шекті балы төмендетілді.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Қали Әбдиев мәлім етті.

«Ағымдағы жылы ұлттық жоғары оқу орындарының ақылы бөлімдері бойынша кішігірім өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, бұл оқу орындарындағы ақылы бөлімге түсу үшін «білім беру», «ауылшаруашылық ғылымдары» және «ветеринария» мамандығы топтарына 60 балл жинау жеткілікті болады»,-деп түсіндірді Қ. Әбдиев.

Осы орайда ол ұлттық жоғары оқу орындарына түсудің ең төменгі шекті балын 70-ке жеткізу керектігін еске салып өтті. Өзге ЖОО-ларда бұның деңгейі - 50 балл. Ал «жалпы медицина» мамандығы бойынша кем дегенде 55 балл жинау керек.

Соңғы жаңалықтар