ҰБТ-да қостанайлық түлектердің 17 пайызы 100-ден жоғары балл жинады
![None None](/static/img/plug.webp)
Облыстық білім басқармасының таратқан мәлімдемесіне қарағанда, биыл орта мектепті тәмәмдаған түлектердің жалпы саны 4545 оқушы болса, соның 60 пайызы ҰБТ-ға қатысты. Олардың емтиханда көрсеткен білім деңгейі орташа алғанда 79,94 баллды құрайды, деп хабарлайды «Қостанай таңы» газеті.
Солардың ішінде 100 балдан жоғары жинағандары 17 пайыз болып отыр. Ал межелі баллды жинай алмағандардың үлесі 20 пайызды құрады. Өкінішке орай, сынаққа қатысқан түлектердің арасында ең төменгі балл жинаған Алтынсарин ауданы. Сондай-ақ облыс орталығындағы дарынды балаларға арналған «Озат» мектебі оқушыларының арасында аз балл жинап қалғандар болды. ҰБТ сынағы өткен үш күн ішінде Қостанай облысы аумағында оқушылар тарапынан да, емтихан қабылдайтын пункттерден де бір де бір өрескел қателіктер тіркелген жоқ. «Алтын белгіге» үміткер 113 түлек болса, солардың 48-і өз білімдерін дәлелдеп шыққан. Бірақ Жітіқара ауданында екі бірдей «Алтын белгiге» үміткер түлек дәл сол күні емтиханға қатысудан бас тартыпты.